Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Авторландыру

Жаңалықтар

Пікірталас кеші Латын әліпбиі – өркениет жолы»


Кертнді үлгілі кітапхана кітапханашы Бағдат Көшмағанбетқызының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты еліміздің өсіп өркендеуіне тигізер зор ықпалы туралы пікір алмасу кеші  өткізілді. Осы ақпараттық сағатта, латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайтыны және де біздің ұлттық санамыздың отарсыздануына көп ықпалы болатындығы туралы ой-пікірлер айтылды. Әр оқушы латын әліпбиінің біздің заманымызда қолдануы туралы өз пікірлерін ортаға салды.

          Бұл іс-шараның мақсаты: Қазақстанда қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселесі туралы оқушыларға ақпарат беру;
Бұл тек қана тілдің реформасы ғана емес, маңызды стратегиялық бағдарлама екендігін ұғындыру; Отансүйгіштікке, тіліміз бен тарихымызды құрметтеуге баулу.

          Қатысушылар саны: 10.

 

123123
123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика