Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Авторландыру

Жаңалықтар

Танымдық сағат «Мектебім мақтанышым»


19-шы қыркүйек күні  Кертінді ауылдық балалар кітапханасында Тірек мектеп (РО)  М.Сүлейменов атындағы ЖОББ мектебіне 90 жыл толуына орай «Мектебім мақтанышым» атты танымды сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына 5 сынып оқушылары қатысты.  Мақсаты:Мектеп тарихын, оқушылардың білім алып отырған білім ордасын құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Бітіріп кеткен мектеп түлектерінің қоғамға сіңірген еңбегін үлгі ету.    

      Оқушылар мектептегі мұражайға барып, «Ауылым алтын бесігім» атты қабырға стентпен танысты. Стентте ауылымыздың мәдениет үйі, мектеп, аурухана, әкімшілік  ғимараттарының суреттері мен бұрын қызымет істеген аталарымызбен әжелеміміздің суреттерімен таныстырылды. Мұражайды аралап болған соң оқушылар алған әсерлерімен бөлісті.

 

123123
123123
123123
123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика