Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Авторландыру

Жаңалықтар

Жаңалықтарды тану сағаты «Тіл - халық жаны»


         20 қыркүйек күні Тассуат үлгілі ауылдық кітапханасында «Тіл - халық жаны» сыныптан тыс сағаты өткізілді.

          Іс-шараның қарсаңында балаларға «Сколько языков ты знаешь – столько раз ты человек» тақырыбында шағын баяндама жазу тапсырмасы берілді.

          Мақсаты: қазақ тілінің байлығын, оның рухани мәнін көре білу,қоғам дамуындағы тарихи және мәдени мағынаны білу.

          Қазақ және орыс сөздерінің әсер ету күшімен балалардың рухани әлемін, адамгершілік және эстетикалық қалауын қалыптастыру.  Кітапханашы бұл мерекенің тарихы туралы баяндады, бұл мереке біздің елімізде неге және не үшін меркеленетініне тоқталды.  

         Тарихпен қалыптасқан жайт: Қазақстанның аумағында 100-ден астам тіл бар, ал мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады.

          Балалар өз баяндамаларын қорғады, олардың басты тақырыбы - үш және одан да көп тілді білу маңыздылығы және қажеттілігі болды. Қазақ және орыс тілдерімен қатар Қазақстанда басқа да ұлттық тілдер еркін дамуда. Ұйғыр,  корей, татар, неміс, поляк, түрік және өзге де тілдерде ұлттық мәдени орталықтар жұмыс атқаруда.  

          «Үштілділік – уақыт талабы» кітап көрмесіне шолу жасалды.
 

123123
123123
123123
123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика