Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Авторландыру

Жаңалықтар

Семинар – тәжірибе «Ауылдық кітапхана – ақпараттық орталық»


Қырқүйек айының 20  күні Баршын ауылында Мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Е.Жүнісов, бас маманы А. Нақыпова,  ОКЖ басшысы С.Жұмабеков, орталық кітапхана қызметкерлері   С.Нуртазина, Л.Кумпан, С.Мустафинаның қатысуымен Теңіз өңірінің ауыл әкімдері, мәдениет қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді. Күн тәртібінің бірінші сұрағына сәйкес Теңіз өңірінің кітапханалар жұмысы  туралы аудандық орталық кітапхана қызметкері С.Мұстафина баяндама жасады.

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша жұмыс бағыттарымен ОКЖ басшысы  С.Жұмабеков таныстырып,  «Ауылдық кітапхана – құқықтық ақпарат орталығы» атты жобанының тұсаукесерін жасады.  Сонымен қатар, мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Е.Жүнісов Соналы, Талдысай, Ткенекті, Баршын, Жанбөбек, Құланөтпес ауылдарындағы мәдениет қызметкерлерінің есептерін тыңдады. Сонымен қатар, орталық кітапхана қызметкерлері Л.Кумпан, С.Мұстафина, С.Нуртазина әріптестеріне қажетті тренингтер өткізді.

 Осы іс-шараға  қатысқан Талдысай, Ткенекті ауылдарының әкімдері осындай семинарлардың тиімділігін айтып, алдағы уақытта тәжрибе алмасу жұмысын жалғастыра беру керектігін айтты.

Семинар жұмысын қорытындылай келе Е.Жүнісов Теңіз өңірі мәдениет қызметкерлерінің жұмысын жоғары деңгейге көтеру бойынша тапсырмалар берді.

 

123123
123123
123123
123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика