Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы сәуір -2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

30.03.20 – 05.04.2020ж.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Интернет-викторина «Абай әлемі» (Әлеметтіе желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

30.03.2020

Әдеби викторина  «Сүйікті кейіпкерлеріңді біл»  ертегілер бойынша  nuralib.kz сайты)

31.03..2020

Онлайн-мәнерлеп оқу байқауының басталуы «Мен сіздерге соғыс туралы айтамын...» Жеңістің 75 жылдығына арналған (nuralib.kz сайты, әлеуметтік желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

01.04.2020

Виртуалды кітап көрмесі «Читаем книги о войне» (nuralib.kz сайты)

02.04.2020

Челендж-эстафета «Отты жылдар жырлары» ҰОС –ның 75 – жылдығына арналған (АОК, АБК, ауылдық филиалдар) әлеуметтік .желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, менің әлемім, ВК)

03.04.2020

 


Авторландыру

Газета НҰРА

Қаралды (6573)

Аудандық  газет  қалай аталмасын, қай тілде  басылып шықпасын әрқашанда барлық Нұра ауданының тұрғындары үшін басты ақпарат көзі  болды.
Үлкен тарихи жолдан өткен газет атауы да сан рет өзгерді. 30- жылдары «Сталин жолы»  деген атаумен бастау алған газет , кейін 50- жылдардың ортасында «Сталинский путь» деп өзгертіліп, ал 1955 жылдан бастап  «Новый путь» , «Жаңа жол» деген атаумен қазақ және орыс тілдерінде шығарылды. Хрущев  саясаты  кезінде  ауданаралық газет «Сельский труженик»,  нұралықтар үшін  қазақ тілінде  «Село еңбеккері» деген атпен шыға бастады.
1963 жылдың 1 мамырынан бастап аудандық газеттің аты  «Нуринский хлебороб»  атауымен өзгертіліп, ал 1991 жылы «Нуринский вестник» және «Жаңа жол» деген атпен 2 газет тарала бастады.  1994 жылдың қаңтар айынан бастап «Нұра» деген атқа ие болған газет, бүгінгі  күнде мемлекеттік және орыс тілінде басылып шығарылуда
Жылдар бойы аудандық газетті басқарған басшылар қатарында -  Б. Атшабаров, А.И.Одинцова, Н.П. Кулаков,  А.Х. Даутов, Ж.А. Аубакиров, П.Г. Калюжный, Н.П. Кордонская, Л.И. Крюякова, Л.Г. Иконникова, В.П. Таланов, В.Ф. Мофа, П.П. Назаркин, Д.Ж. Ахметов, Б.С. Ахметова бар. Бүгінгі күнде баспаның бас редакторы Т.К. Пішенбаева.
«Нұра» өзінің барлық тарихи жолында  халықтың тыныс-тіршілігі, ауданның экономикалық дамуы туралы оқырмандарын хабардар етіп, әлеуметтік әділеттілікті , халықтар арасындағы  ұлтаралық  ынтымақ пен достықты  қолдайды.  Газет өзінің қызық         та, ұзақ  тарихи жолында оқырмандарының мұң-мұқтажын көздеген, жұмыспен қамту  бойынша қажетті ақпараттарды бере алатын белгілі де, белсенді басылым ретінде танылды.

Сайтты пайдаланушыларға: 

Редакцияның мекен – жайы: Қарағанды облысы, Нұра ауданы.
Киевка кенті, Талжанов көшесі, 5а үй.
Байланыс телефондары: Бас редактор: 22-4-77
Тілшілер:21-4-37; 22-4-97
Электронды адрес: gazeta.nura@mail.ru   
Жазылым индексі: 65421
Орталықтандырылған ауданның  кітапхана қорында «Нұра» газетінің 1997 жылдан бастап тігіндісі сақталған. 2014 жылы  Мемелекеттік мекеме  «Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімі мен ЖШС «Аудандық «Нұра» газетінің редакциясы» арасында ағымдағы және алдағы жылдарға  газет нөмірлеріннің электронды  түрін ұсыну туралы келісім-шарт жасалды.
Нұра ОКЖ пайдаланушыларға қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында Интернет желісі арқылы  жеделдетілген мүмкіндікті пайдалана отырып электронды басылымдарды , мерзімді басылымдардың бүтіндігін қамтамасыз етіп,  сақталуын ұйымдастырып,  оларды оқырмандарға ұсынады.
« Нұра»  газетінің электронды мұрағаты

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика