Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана бойынша жол көрсеткіш Қазақстанның астанасына сапардың барлық ерекшеліктерін көрсетеді: Қазақстанға қалай жету ыңғайлылығы, жетуді тиімді жоспарлау, Ескі қала мен Сол жағалаудың көрнекі жерлерін, мейманханалар мен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар - барлығын осы басылым арқылы оңай табуға болады.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Тамыз-2019 жыл


Көпшілік жұмыс

 

Пайдалы ақпарат минуты «Темекі орнына кітаптар мен газеттер»

05.08.19

Жаңа кітаптарға шолу «Не проходите мимо! С новинками витрина!»

09.08.19

Спорт-круиз " Спорт - бұл өмір, қозғалыс, денсаулық!»

14.08.19

 Библиодесант «Кітап балалар алаңында»

20.08.19

Обзор «Невада-Семей жаңғырығы»  (Семей  полигонына - 70 жыл)

26.08.19

 Азаматтық сабақ «Елдің басты кітабы»

29.08.19

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі «Кітап арқылы салауатты өмір салтын танамыз»

12.08.19

Кітап көрмесі «Жастарға жігер сыйлаған Жолдау»

07.08.19

Көрме-импульс "STOP. Сыбайлас жемқорлық»

17.08.19

Кітап көрмесі «Ата заңым – елдігімнің айбыны»

27.05.19


Авторландыру

Хамзе Жүсіпбеков

Қаралды (1996)

Хамзе Жүсіпбеков 1900 Қарағанды облысының Нұра  ауылында туған. Октябрь революциясының бірінші күндерінен қозғалысқа  қатысып, «Жастардың демократиялық одағының», «Жас қазақ» жастар Одағының қызметіне белсене араласқан. 
      1920 жылдан бастап Көкшетаудағы БК(б)П губерниялық бюросының және губерниялық комитетінің нұсқаушысы, одан кейін  осы БК(б)П губерниялық комитетінің хатшысы, Ақмолалық губерниялық комитеттерінің  бөлім меңгерушісі, Бөкеев губерниялық комитетінің  жауапты хатшысы, ағарту ісінің қызметкерлері Одағының ОК төрағасы,  БК(б)П өлкелік партколлегия комитетінің  жауапты хатшысы, өлкелік комитеттің хатшысы, өлкелік кәсіподақ кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарады. 
         Қазақ АКСР әділет халық комиссары, коммуналдық шаруашылық халық комиссарының орынбасары, 1936 – 37 жылдары Марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтының қазақ бөлімшесінде аудармашы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры қызметтерін атқарған. 1935 – 36 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болды. 1925 – 37 жылдары мерзімдік баспасөзде әдеби сын мақалалары, әңгімелері, очерктері жарияланған. “Қарсақбай” атты кітабы жарық көрді (1928), Н.Островскийдің “Құрыш қалай шынықты” романың қазақ тіліне аударған (1935). Жүсіпбеков.      1935 жылдың қаңтар айынан әділет комиссары болып қызмет атқарады. Х. Жүсіпбеков басқарғанда Алматы кеңестік құрылыс институты заң институты болып қайта құрылды
       Х.Жүсіпбеков БК(б)П XVII съезінің, кәсіподақ съезінің, IV, V, VI өлкелік партиялық конференциясының делегаты,  1927, 1932, 1936 жж. БК(б)П өлкелік комитеттің бюросының мүшесі, 1935-1936жж.  Қазақстан атқару комитетінің  Президиум мүшесі.
         1937 жылы күзде “халық жауы” деген жалған айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1938 жылы  26 ақпанда   Хамзе Жүсіпбеков атылды. Алматы қаласы маңындағы “Жаңалық” ауылындағы қорымға жерленген.
           Хамза Жүсіпбеков осындай үлкен əлеуметтік қызмет атқарып жүрген уақытта өзінің публицистік, сыншылық қаламын құрғатпай жазып отырғанын айрықша атауымыз керек. Хамза Жүсіпбековтің «Əйелдер еңбегі жайынан» (1926) жəне «Шағым бюросы туралы не білу керек» (1927) деген кітапшаларында күнделікті тұрмысқа қажетті ақыл-нұсқау айтылса, «БКП(б) Өлкелік комитетінің ІІ пленумының қорытындысы» деген кітапшасында партияның  жүргізіп отырған саясаты, оны жүзеге асырудың жөн-жобасы баяндалды.
1928 жылы «Қарсақпай» атты публицистикалық шығармасы жарық көріп, Қазақстанның түсті металл орталығы болған өңірдің арғы-бергі тарихы қызықты баяндалып, оның жарқын болашағы суреттелді. «Жаңа əдебиет» журналында жарияланған «Тұрба» əңгімесі өзінің ажарлы тіл бояуымен көрінгенін айта кеткен орынды. Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романын қазақ тіліне алғаш аударған Хамза Жүсіпбеков екенін айтсақ, оның
көркемдік дарынының шама-шарқын айқын байқаймыз.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика