Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы сәуір -2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

30.03.20 – 05.04.2020ж.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Интернет-викторина «Абай әлемі» (Әлеметтіе желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

30.03.2020

Әдеби викторина  «Сүйікті кейіпкерлеріңді біл»  ертегілер бойынша  nuralib.kz сайты)

31.03..2020

Онлайн-мәнерлеп оқу байқауының басталуы «Мен сіздерге соғыс туралы айтамын...» Жеңістің 75 жылдығына арналған (nuralib.kz сайты, әлеуметтік желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

01.04.2020

Виртуалды кітап көрмесі «Читаем книги о войне» (nuralib.kz сайты)

02.04.2020

Челендж-эстафета «Отты жылдар жырлары» ҰОС –ның 75 – жылдығына арналған (АОК, АБК, ауылдық филиалдар) әлеуметтік .желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, менің әлемім, ВК)

03.04.2020

 


Авторландыру

Табиғаттың ғажайып сәттері

Орталық Қазақстан – Қазақстанның жүрегі. Қарағанды облысының жерінде әкімшілік-аумақтық бірлігі орталығы Киевка кентімен Нұра ауданы орналасқан. Ол «өзінің тарихи жолын» жиырмасыншы ғасырдың 28 жылы бастаған, ал 1932 жылы Қарағанды облысының бөлігіне айналған.
Нұра ауданы – табиғи байлықтардың қазына қоймасы. Республиканың ең жазық бөлігінде орналасқан, ауа райы – күрт құбылмалы. Қыста аяз 45-50 градусқа жетеді, ал жазда 40-45 градусқа дейін ыстық болады, жазы өте ыстық және құрғақ. Орталықтың жазық бөлігінде қатты желдер де болып тұрады.
Нұра ауданының алатын аумағы 21 000 шаршы шақырым. Нұра ауданының солтүстік шекарасында Есіл ө., шығысында – Семей облысымен шекара, оңтүстігінде – Нұра мен Сары су өзендері алаптарының арасындағы су айыратын сала, батысында – Есен мен Сыртқа өзендерінің су айрығы және Нұра өзенінің сол жағасы орналасқан. 
Оның жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Евразия материгінің тап ортасында жазғы және күзгі жайлаулар созылып жатыр, таулар мен төбелер көгілдір түспен жарқырап тұр. Сарыарқаның жазығында тырналар, аққулар, құтандар, үйректер, қаздар жүретін Теңіз көлінен басқа, 200-ден астам көл бар.
Өлкеде археологиялық және этнографиялық объектілер сақталған ескерткіш орындар көп. Ежелгі тарих та ауданның аумағында өзінің көптеген іздерін қалдырған. Бірнеше экспедициядан кейін ауданнан археологиялық көрікті жерлер табылған, ал бүгінде олардың саны екі жүзден де асып кеткен. Соңғы археологиялық қазба жұмыстары Сарыарқаның даласы Ұлы Жібек жолының сауда және мәдени саласына кіргенін дәлелдейді.
Тарихымен, салт-дәстүрімен бай жер, таңғажайып және алуан түрлі Нұра ауданының табиғаты ешкімді енжар қалдырмайды.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика