Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана бойынша жол көрсеткіш Қазақстанның астанасына сапардың барлық ерекшеліктерін көрсетеді: Қазақстанға қалай жету ыңғайлылығы, жетуді тиімді жоспарлау, Ескі қала мен Сол жағалаудың көрнекі жерлерін, мейманханалар мен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар - барлығын осы басылым арқылы оңай табуға болады.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Тамыз-2019 жыл


Көпшілік жұмыс

 

Пайдалы ақпарат минуты «Темекі орнына кітаптар мен газеттер»

05.08.19

Жаңа кітаптарға шолу «Не проходите мимо! С новинками витрина!»

09.08.19

Спорт-круиз " Спорт - бұл өмір, қозғалыс, денсаулық!»

14.08.19

 Библиодесант «Кітап балалар алаңында»

20.08.19

Обзор «Невада-Семей жаңғырығы»  (Семей  полигонына - 70 жыл)

26.08.19

 Азаматтық сабақ «Елдің басты кітабы»

29.08.19

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі «Кітап арқылы салауатты өмір салтын танамыз»

12.08.19

Кітап көрмесі «Жастарға жігер сыйлаған Жолдау»

07.08.19

Көрме-импульс "STOP. Сыбайлас жемқорлық»

17.08.19

Кітап көрмесі «Ата заңым – елдігімнің айбыны»

27.05.19


Авторландыру

Тіл білімі

Қаралды (1630)

Бектурова, А.Ш.
Барлық адамға арналған қазақ тілі/А.Ш. Бектурова.- Алматы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2004.- 1 эл.опт.диск (CD-ROM)

Оқушылардың қазақ тілінде сауатты және еркін тілдесуін дамытуға бағытталған mp3 форматындағы қазақ тілінің бірегей курсы. Сабақтардың мәтіндері мен диалогтарының жазбасынан тұрады. Кіріспе курстың әрбір сабағы көптеген практикалық жаттығумен бекітілетін жаңа фонетикалық немесе грамматикалық мәліметті беруден басталады. Дыбыстар мен дыбыс тіркестерін дұрыс айту фонетикалық жаттығулар, жаңылтпаштар, санамақтар және өлеңдер арқылы жақсарады.

 

Байгабулова, К.
Қазақ тілі жылдам әрі оңай: қазақ тілін үйренудің жаңа курсы/К.Байгабулова.- Алматы: Аруна LTD, 2010.- 1 эл.опт. диск.
ISBN 9965-26-315-6  

 

Бұл қарапайым және қысқаша бағдарлама күнделікті тілдесуде жиі қолданылатын сөздер мен сөйлемдерді ұсынады. Ең бастысы ­­- дикторларды тыңдау, үзілістер кезінде сөздерді қайталап есте сақтап алу. Күнделікті тілдесуге қажет барлық тақырыптар қарастырылған. Барлық тақырыптар баспа үлгісінде (көзбен қарап оқу үшін қағазға басып шығаруға болады). Қазақ тілін қосымша мәлімет ретінде оқып жүрген, тілді естіп қабылдауын жаттықтыру үшін және жаңа сөздерді, күнделікті тілдесуге қажетті тіркестерді және сөйлемдерді білгісі келетін барлық адамға ұсынылады.

 


Қазақстан Республикасында іс қағаздарын : Қазақстан Республикасындағы іс қағаздарды жүргізу: екі жақты қазақша-орысша терминологиялық сөздік. - Алматы; Жас Дәуір, 2003.- 1 эл.опт.диск.- (АФ «АСИКО» CD-ROM) 

Электронды кітапта ҚР іс қағаздарында ең жиі қолданылатын мысалдармен және формулярлармен берілген қазақ және орыс тілдеріндегі құжаттар кешені бар. Іздеу жасаудың ыңғайлы жүйесі керек құжаттарды тез табуға мүмкіндік береді. Орнатылған екі жақты қазақша-орысша терминологиялық сөздікте халық шаруашылығының кейбір салалары бойынша 40 мыңнан астам термин сөздер бар. Бағдарлама орысшадан қазақшаға және керісінше сапалы және жылдам аударма жасап бере алады. 

 

РЕСМИ іс қағаздары : оқу құралы / Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісімі министрлігі.- Астана, 2002.- 1 эл.опт. диск.- (CD-ROM). 

РЕСМИ іс қағаздары оқу құралы ресми іс қағаздарын  жүргізудің ерекшеліктерін ескере отырып, іс қағаздарын дұрыс жазуға үйретеді. Оқу құралының құрылымы: 2 тілде берілген ресми іс қағаздардың үлгілері, іс қағаздарын жазу бойынша кесте және лексико-грамматикалық жаттығулар мен тест сұрақтары, сонымен қатар оқу құралында  қазақша-орысша сөздік берілген, бұл бұқаралық ақпарат құралдарының лексиканын қамтиды.Ресми іс қағаздары жөніндегі оқу құралы қазақ тілін білетін, қазақ тілінің грамматикалық құрылымын оқып үйренген қызметкерлермен жұмыс істейтін мамандарға арналған.

 

Ағылшынша-орысша және орысша-ағылшынша сөздік  : 300 000-нан астам сөздер мен сөйлемдер.- М:Бука, 2007.- 1 эл.опт. диск. - (CD-ROM). 

Басылымда соңғы ағылшын сөздіктерінен, кітаптарынан, БАҚ, Ғаламтордан алынған жиі қолданылатын және өзекті сөздер бар. Ішінде 300 000-нан астам сөз бар. Сөздік білімнің кез келген саласына байланысты сөздердің толық анықтамасын алуға және дұрыс аударма жасауға көмек береді. Пайдаланушылардың кең ауқымына арналған: оқушыларға, студенттерге, кәсіби аудармашыларға және түрлі саладағы мамандарға.

 

 PROMT аудармашы (Электронды ресурс): немісше-орысша, орысша-немісше.- М:БИЗНЕССОФТ, 2007.- 1 эл.опт.диск.- (CD-ROM).
ISBN 4-6071-15-252-285 

X-translator PROMT REVOLUTION – мәтіндік файлдарды, Ғаламтор беттерін, электронды поштаны және ICQ-ғы хабарламаларды аударудың оңтайлы шешімі. Негізгі сөздіктің көлемі: немісше-орысша 370 000 сөз және аударма, орысша-немісше 140 000 сөз және аударма. PROMT аудармашы аударманың жақсартылған механизмінің арқасында мәтіндердің жылдам әрі нақты аудармасын жасайды.

 

Ерошкевич Н.С. , Новикова Е.Н. «Ағылшынды өз бетімізбен оқимыз»: оқулықтың дыбысты қосымшасы/Н.С.Ерошкевич, Е.Н.Новикова.- М.: IBS, 2002.- 1 эл.опт.диск    
Оқулықтың дыбысты қосымшасы ағылшынды жаңа үйреніп келе жатқандарға арналған. Осы оқулық ағылшын тілін жаңа үйреніп келе жатқандар үшін өз бетімен оқуға арналған базалық курс болып табылады. Оқулықтың мақсаты - жаңа тілмен таныстыру және біртіндеп қарапайымнан қиынға қарай жылжи отыра, оқуға, айтуға, жазуға, тыңдауға және ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету болып табылады.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика