Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы сәуір -2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

30.03.20 – 05.04.2020ж.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Интернет-викторина «Абай әлемі» (Әлеметтіе желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

30.03.2020

Әдеби викторина  «Сүйікті кейіпкерлеріңді біл»  ертегілер бойынша  nuralib.kz сайты)

31.03..2020

Онлайн-мәнерлеп оқу байқауының басталуы «Мен сіздерге соғыс туралы айтамын...» Жеңістің 75 жылдығына арналған (nuralib.kz сайты, әлеуметтік желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

01.04.2020

Виртуалды кітап көрмесі «Читаем книги о войне» (nuralib.kz сайты)

02.04.2020

Челендж-эстафета «Отты жылдар жырлары» ҰОС –ның 75 – жылдығына арналған (АОК, АБК, ауылдық филиалдар) әлеуметтік .желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, менің әлемім, ВК)

03.04.2020

 


Авторландыру

Мұра

Қаралды (1850)

Дауылпаз ақын (ресурс): Қ.Аманжоловтың 100 жылдығына арналған мультимедиалық әдістемелік-библиографиялық құрал-құраст. Р.Р.Қазтаева; ред. Н.К.Қаленова; техникалық редактор және дизайн Т.У. Жайменов.- Қарағанды;Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2011.- 437 Мб  
Осыған байланысты Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Дауылпаз ақын» атты әдістемелік мультимедиалық басылым шығарды.
Асқақ талант иесі, Қасым Аманжоловтың шығармашылығын оқырмандарға насихаттау мақсатында, бұл мультимедиалық басылымға ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы, «Жадымызда қалған жайсаңдар» ақын туралы естеліктер, «Өмір сыры» атты виртуалдық кітап көрмесі, викториналық ойын, «Дауылпаз Қасымның қысқа өмір жолы» атты презентация, (ТМБД) толық мәтінді базалар дерегі, Алматы қаласы Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы дайындаған «Біреудің жұртта қалаған жасығымын, біреудің аспандағы асылымын» атты әдістемелік құралы, «Қазақтың Қасымы» атты әдеби кеш сценарийі жинақталған.
«Дауылпаз ақын» мультимедиалық әдістемелік құралы кітапханашыларға, әдебиетшілерге, мектеп оқушылары мен оқытушыларына арналған.

 

Түрік бітік (Электрондық ресурстар): жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени қоры.- Алматы, 2007.-1 эл.опт.диск.-(CD-ROM).   
Бұл Түрік елінің ресми жазуы.Ұсынылып отырған қазақ тілінің тарихи-мәдени  қорындағы жазба ескерткіштердің дені осы түрік бітікпен жазылған. Сондықтан, жазба және этнографиялық деректер бойынша құрылған тарихи-мәдени кешенді осылай атау тақырыпқа сай  келеді.

 

Ағыбай батыр :    Ағыбай батырдың кесенесі /жауап.шығарушы Ғ.Өтелбайұлы. – Қарағанды : Жәдігер, 2011.-2 эл.опт.диска.- (Аудио-кітап)   
Кенесары ханның жорық батырларының бірі Ер Ағыбай туралы ел аузында көптеген аңыз-әңгімелер мен жыр-толғаулар сақталған.Бұл аудиоальбомдағы «Ағыбай батыр» жыры «Бабалар сөзі» жинағына енген нұсқа бойынша дайындалды.

 

Тұтқабеков, Ф.  «Қоңыр»: Ф. Тұтқабековтың орындауындағы күйлер/ жауап.шығарушы Ғ.Өтелбайұлы. – Қарағанды : Жәдігер, 2012. - 2 эл.опт.диска.- (Аудио-кітап)   
Арқа күйлерінің шебер орындаушысы, дәускелер күйші Тұтқабеков Фазыл Қасымұлы 1942 жылы Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында дүниеге келген. Әкесі Қасым Тұтқабекұлының ықпалымен алты жасынан бастап домбыра ұстаған. Ұзақ жылдар аудан аумағында мал дәрігері болып жұмыс істей жүріп, домбырасын жан азығына айналдырған ол 2007 жылдардан бері, «Мәңгілік сарын», «Ұлы дала сазы», «Астана- Арқау» сияқты халықаралық, республикалық дәстүрлі өнер фестивальдеріне қатысып келеді. Тәттімбет, Тоқа, Әбікен, Хасен, Сүгір, Әбди  күйлерін осы күнге жеткізуші Фазыл ақсакал өз жанынан да бірнеше күйлер шығарған. Оның орындауындағы күйлер «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиясын енді.

 

Соғыс жылдарының әндері [Электронды ресурс]: Жеңістің 60 жылдығы.- Алматы, [б.б.], 2005.- 1 эл. опт. диск (CD-ROM).      
Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай шыққан басылым ең атақты «Соғыс жылдарының әндерін» қамтиды. Эстраданың классикасына айналған әндер альбом үшін өте мұқият таңдалған. Дискке ең елеулі, шынайы халықтық шлягерлері «Әлия», «Темная ночь», «Где-то далеко», «Где же вы теперь, друзья-однополчане», «На безымянной высоте», «Катюша», «Дороги», «Жас қазақ», «Журавли», «Елім менің», «Последний бой» енді.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика