Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

Мыңбаев Кәрім Мыңбайұлы.

Қаралды (4453)

Әйгілі мемлекет қайраткері, қазақтын шыққан тұңғыш биология ғылымының докторы Кәрім Мыңбаев 1906 жылы тамыздың 15-де Нұра ауданының Қызыл Дихан (қазіргі К. Мыңбаев атындағы ауылдан 2 шақырым жерде). Ақмоладағы орыс-қырғыз приход мектебінде ең үздік оқитын оқушы болды.
1932 жылы Ташкенттегі Ортаазиялық мақта-ирригация институтын бітіріп шығады. Жұмысты Грузиядағы Кавказ тәжірибе станцисының доценті, Қазақ ауыл шаруашылық институтында дарвинизм кафедрсының мегерушісі болады. 1934-36 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық институтында және Алматы селекция станциясында ғылыми-педагогикалық жұмыстарда болады. 1936 жылы Кәрімнің ерекше талантын, алғарлығын байқап қалған академик Н. Вавилов оны Ленинградтағы Бүкілодақтық өсімдік зерттеу инситутының аспирантурасына шақырады. Аспиранурада оқып жүрген кезінде: «Көксағызды дұрыстап өсірудің негізгі жолдары» деген тақырып бойынша зерттеген ғылыми еңбектерін аяқтайды. Каучукты өсімдіктердің ішінде ең тиімдісі көксағыз екенін дәлелдеп шығады.
Кәрім өзінің қабілеттілігі арқасында кейде екі-үш жұмысты да қоса атқара берген. 1942-44 жылдары ҚазССР жоспарлау төрағасының орынбасары болып қызмет атқарады.  1944 жылы өзінің ғылыми диссертациясын өте сәтті қорғап шығып, ұлты қазақ биология ғылымдарының тұңғыш докторы болды. 1944 жылдан бастап ВАСХИЛ-дің Қазақ филиалы президиумының төрағасы болады. Осы қызметпен қоса Қазақ ауыл шаруашылық институтында селекция және генетика кафедрасы мен Қазақ мемлекеттік университетінде дарвинизм кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады.
1946 жылы Қазақ Ғылым академиясы құрылды, Кәрім оның құрамына мүше болып кіреді. 1947 жылы республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Бетпақдала экспедицисынан кейін ол шөлді жаннатдалаға айналдыруды армандайды. Мұнда асыл тұқымды мал өсіруге болады дейді. Ол үшін даланы суға қандыру керек. Ғалым Бетпақты суландыратын судың негізгі көздері деп Ертіс, Іле, Шу, Талас, Сарысу, Сырдария өзендерін, Балқаш көлін есептеген. Бұлардан басқа Бетпақтың астында судың мол қоры бар екенін білген, оны құдықтар қазу арқылы шығаруды аңсаған.
Кәрімнің ғылыми ашқан жаңалықтары бүкіл Одаққа танылып, тіпті шетелдерге белгілі бола бастаған кезде өкінішті қазаға ұшырайды. 1948 жылы Мәскеуге бағыт алған ұшақ апатқа ұшырап, ішіндегі адамдар тегіс қаза табады. Ол 35 ғылыми еңбектің, 3 монографияның авторы. Ғылыми еңбектерінде көк сағызды өсіру мен астық дақылдарын селекциялауға көп көңіл аударған.
Қазір бұрынғы Ивановкаға Кәрім Мыңбаев есімі берілді. Осы ауылдың мектебі де ғалым атымен аталған. Ағадыр станциясындағы бір мектеп те ғалым есімімен аталады.  Киевка кентінде  бір көшеге К. Мыңбаев есімі берілген, ауыл шаруашылығы бөлімінің алдында  қола бюст орнатылған.

1.Сейдалиев, Б. 
Бетпақдаланың бағын ашқан : тағзым//Егемен Қазақстан. – 2006.- 21 шілде. – Б. 4

2.Ысқақов, З.
Кәрім аға//Орталық Қазақстан. -2006. – 10 маусым. -.Б.6

3.Калиев, Г.А. 
Карим Мынбаев – ученый, патриот : (к 100-летию со дня рождения)/ Нұра.-2006.- 9 сент. – С.1

4.Абугалиев, И. 
Он был у истоков сельскохозяйственной науки: исполнилось 90 лет со дня рождения первого казахстанского академика ВАСХНИЛ К. М. Мынбаева//Казахстанская правда. – 1996. – 2 авг. – С. 1

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика