Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы маусым -2020 жыл


2020 жылы мамырдың  01-нен – 07 не дейінгі аралықта өткізілетін іс-шаралар анонсы 

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Онлайн-өтінімдер бойынша оқырмандарға қызмет көрсету (Күн сайын)

 

«Тәуелсіздік рәміздері» кітап көрмесі. филалдар.

01.05.20

« Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі»  кітап көрмесі. АБК.

01.05.20

«Ел рәміздері – Елдігіміздің реңі, теңдігіміздің тірегі» дискуссия. Көбетей ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Әлем балалық шақтан басталады» слайд-презентация. Қарой ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Бала - өмір шырағы» құттықтау пост. Изенді ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Рәміздерім – мақтанышым» бейнеролик. Жараспай ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» онлайн-ақпарат. ОАК.

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі» виртуалды көрме. ОАК.

01.05.20

«1-Маусым –Балаларды қорғау күні»

Онлайн-ақпарат. Мынбаев ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Тарихтан туындаған рәміздер» кітап көрмесі. ОАК

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» патриоттық сабақ. Ақмешіт, Кертінді ауылдық кітапханалары.

01.05.20

«Кітаптар біз оқып, кейіпкерлерді тануды жақсы көреміз» викторинасы. Изенді ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш». Ақпарат-досье. Қайнар ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Бірлік рәміздері және ұлт мақтанышы» әңгіме. Егінді., Баршын кітапханалары.

01.05.20

«Наши гордые символы»  саяси сабақ. Заречный ауылдық кітапханасы.политический урок. Заречная сельская библиотека.

01.05.20

«Тарих аясындағы үш рәміз» патриот. сабағы  Байтуған ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Балалардың күлкісі- ғаламның әшекейі» атты фотоакцияны аяқтау, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бейнероликті жариялау. Заречный ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Остановись, мгновенье!» Балалар іс-шараларынан Фото вернисаж. Көбетей балалар кітапханасы

01.05.20

«Балалық шақ бақытты кезең» - Бейне-ролик. Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

01.05.20

Дискуссия  «Мемлекеттік рәміздер – ел абыройы». Ақмешіт ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Мен- өнерлі балдырған».Өлең, ән, би немесе басқа қандай да бір өнерін видеоға түсіру. Балабақша жасындағы бүлдіршіндер арасында байқау. Жараспай ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгілері» онлайн-презентация. Мынбаев ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Жараспай жас жеткіншек көзімен» сурет байқауы қорытындысы. Жарайпай ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Әл-Фараби-өркениет философы» - бейнесалон . Байтуған ауылдық кітапханасы.

02.05.20

«Елдің басты рәміздері» басылымдар ( 3 ). Тассуат ауылдық кітапханасы

03.05.20

Облыстық патриоттық акция "Тарихтан туындаған рәміздер" ОАК және филиалдар.

04.05.20

«Бұл біздің Ту, бұл біздің Әнұран, бұл біздің Елтаңба» библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Қазақ елінің рәміздері» библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгілері» ақпараттық танымдық сағат. Мынбаев, Көбетей, Кертінді және Баршын ауылдық кітапханалар.

04.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» -онлайн-ақпарат. АБК.

04.05.20

«Ұлттық рәміздер – ел мақтанышы». Викторина-сұрақтар. Қарой ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Рәміздер – ел беделі» онлайн-викторина. Ақмешіт ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» - онлайн-кітап көрмесі, шолу. Мынбаев ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Еліміздің мақтанышы рәміздер» кітаптарға бейне-шолу. Ахметауылдық кітапхана.

04.05.20

«Автор золотого слова» (І.Есенберлиннің 105 жылдығына арналған) Тассуат ауылдық кітапханасы.

04.05.20

«Рәміздер біздің мақтанышымыз» бейнеслайд. Заречный ауылдық кітапханасы.

04.05.20

«Читатели – книжек почитатели» - желілік эстафета.  Байтуған ауылдық кітапханасы.

04.05.20

Шәмші Қалдаяқов 90-жылдығы Ескендір Хасанғалиев 80-жылдығы «Тағдыры ұқсас таланттар» библиопост.  Изенді ауылдық кітапхана.

05.05.20

«Табиғатты қорғағаның- өзіңді қорғағаның».Онлайн-ақпарат. Мынбаев ауылдық кітапхана.

05.05.20

«Рәміздерім мақтанышым» сурет көрмесі. Баршын ауылдық кітапхана.

05.05.20

 


Авторландыру

Сәйділь Талжанов

Қаралды (1551)

Ғалым, аудармашы, сыншы, тарихшы Сәйділ Омарұлы Талжанов 1906 жылы Нұра бойындағы Қаракемер деген жердегі (қазіргі Ақмешіт шаруашылық қожалығы) Тоқтамыс аралында дүниеге келген. Ол ауыл молдасынан сабақ алады. Атасы шығыс ертегілері мен аңыздарын жақсы білген. Сәйділ «Жүсіп - Зылихадан» үзінді жаттап,  «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қобланды», «Алпамыс», «Қамбар батыр» жырларын тыңдап, жаттап өседі.
Әкесі: Омар, руы тілен, шешесі: Сарқыт, руы алсай болады. Сәйділ ұлдың кенжесі екен, есімін «Сәйділғараб» деп қойыпты, мұның мәнісі арабтың тілінде «мырзасы», «қожасы» деген сөз екен. Сәйділдің әкесі Омар 1921 жылы Колчак қарақшыларының қолынан, қаза табады. Осы жылы жас Сәйділ Петропавл қаласына барып, тоғыз жылдық орыс мектебіне оқуға түсіп, оны 1928 жылы бітіріп шығады да, Ташкенттегі Орта Азия университетінің шығыс факультетіне оқуға түседі. 1931 жылы осы факультетті бітіріп Алматыға келсе, ағасы Әшім түрмеде екен. Оның артында екі баласы, хат танымайтын әйелі қалды. Сол себепті Сәйділ ағасының отбасына көмектесу мақсатымен әрі қарай өзінің оқуын тоқтата тұрады.
           Сәйділ Талжанов 1934 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтын бітіреді. Қазақ Оқу министрлігінде жұмыс істеп, Ауыл шаруашылығы институтына 1934-1937 жылдары оқиды. Бұл жылдар тарихта қуғын-сүргін жылдары болып қалды. Ауыл шаруашылық институтында доцент болып жүргенде 1938 жылы Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасын, Бейімбеттің «Майдан» пьесасын қазақшадан орысшаға аударғаны үшін, әрі бай баласы деген желеумен НКВД «Халық жауы» деп ұстап әкетіп, 10 жылға соттайды. Ағасы Әшіммен бірге тұтқындалады. Сібірге каторгаға айдалады.
           Мерзімін айы-күніне дейін өтеп, елге оралған оны тағы да ізін баққан «қырағылар» «Сталиннің сыртынан теріс сөз айттың» деген дәйек-дәлелсіз «айыппен» 1949 жылы елге оралғанына 1 жыл толғанда ұстап алып кетеді.
Сәйділ Омарұлы 19 жылдай айдауда болып, жазықсыз жапа шеккен жан. Тар жерде жүрген күндерін Сәйділ Талжанов былай деп еске алатын: «Күннің суықтығы, тамақтың аздығы, жұмыстың көптігі - осылардың бәрі басымда болды, бірақ қарсы тұрып, қайрат көрсеткен адамға бәрі жеңіл екен. «Шешенің тілі – ортақ, шебердің қолы - ортақ»,- демекші осы тілім, әңгімелерім барлық қиыншылықты сақтап қалды. Лагерде таңертең жұмысқа барғаннан бастап, түскі тамақ уақытында, шылым шегетін уақытта, жұмыстан қайтып келе жатқанда, лагерлестеріме әңгіме айтамын. Сервантестің «Санчо-Панчасын», Шумер тілінде жазылған эпос «Гильгамеш» тағы басқа халықтардың эпостарын, шығармаларын әңгімелеумен тұтқындардың біріншіден: уақыттары қысқарса, екіншіден: рухани азықтары тозбай, байи түсті десе өтірік болмас.
С.Талжанов елге аман-есен оралғаннан кейін 1956-1958 жылдары Қазақ мемлекеттік әдебиет баспасында 1956-1972 жылдары Қаз ССР Ғылым академиясында қызмет істейді. Оның алғашқы әңгімелері 1927 жылы жарияланады. 1957 жылы «Ұстаның үйі», 1959 жылы «Степной сокол», 1965 жылы «Адам туралы аңыз», 1979 жылы «Жазушы» баспасынан «Өткен күндер сөйлейді» атты кітабы жарық көреді. Бұл жинаққа жазушының туған әдебиетіміз туралы ой-толғаныстарын баяндайтын эсселері публицистикалық және сын мақалалары, естеліктері мен шежірелері енгізіледі.
           Сәйділ Омарұлы С.Сефуллин, Б.Майлин, М.Әуезовтің шығармаларын орыс тіліне, орыс жазушылары И.А.Крыловтың, А.С.Пушкиннің, И.С.Тургеневтің, Н.А.Добролюбовтың, А.М.Горькийдің, Ф.М.Достоевскийдің шығармаларын қазақшаға аударған қаламгер.
          Оның жазушылық өнерін шыңдай түскен бір сала деп осы аудармашылықты айтуға болады. Орыс тілін меңгерген және рухани мәдени үлгілерін құмарлана құныға оқыған жас талапкердің осы тұстағы еңбегі ауыз толтырып айтарлықтай
           С. Талжановтың өзге аудармашылардан озық тұратын бір артықшылығы екі тілді бірдей ерсілі-қарсылы аудара алатығында. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі» С.Талжановтың аударуында жарық көрді.
С. Талжанов өзінің мол тәжрибесін жинақтай келе қазақ аударма ғылымының дамуы, қалыптасуы, тарихына қатысты пікір таратып принциптерін түзеуге тырысқан бірнеше еңбек жазды. «Көркем аударма туралы» (1962) еңбегі оған кандидаттық дәреже алып берсе, «Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері» (1975) деген кітабы докторлықты әкелген тұңғыш еңбегі еді. Бұл монография көп жыл бойы көз майын тауысқан зерттеушінің нәтижелі туындысы. Осы жерде Сәйділ Талжановтың «Қазақ әдебиетінің дүниежүзі әдебиетімен байланысы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғағанын айта кету керек. Диссертациясы қабылданғаннан кейін Сәйділ Талжановтың ең бірінші өлеңі «Жол болсын», «Шындық шұбар», «Түсінбеймін» деген өлеңдері «Жаңа әдебиет» журналдарына басылып шықты. С.Талжанов 1972 жылы 9 желтоқсаннан 10 желтоқсанға қараған түнде кенеттен қайтыс болды.

Ажмаганбетова, Г.
Сайдиль Талжанов – писатель-переводчик//Нұра. – 1995. – 18 фев.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика