Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Авторландыру

Викторина

Сәйділ Талжановтың 110 жылдығына арналған викторина «Арқаның ардақтысы»


 



    Инструкция

  1. Сәйділ Талжанов қай жылы туылды?
    1904
    1906
    1905
     
  2. Сәйділдің туған жерін атаңыздар?
    Қаракемер
    Көк-өзек
    Балықтыкөл
     
  3. Оның алғашқы әңгімелері нешінші жылы жарияланды?
    1925
    1927
    1928
     
  4. Ол бірнеше кітаптардың авторы, олардың ішінде неғұрлым белгілісі – қандай?
    «Өткен күндер сөйлейді»,«Степной сокол», үш том. шығармалар жинағы
    «Жылдар сөйлейді»,«Степной сокол», үш томдық шығармалар жина
    «Степной сокол», үш томдық шығармалар жинағы, «Азаттықты аңсағандар»
     
  5. Сәйділ кімдердің шығармаларын қазақшаға аударды?
    Островскийдің, Пушкиннің, Тургеневтің, Достоевскийдің, Булгаковтың
    Крыловтың, Пушкиннің, Тургеневтің, Достоевскийдің, Горькийдің
    Крыловтың, Пришвиннің, Тургеневтің, Блоктың, Горькийдің
     
  6. Қай жазушылардың шығармаларын орыс тіліне аударған?
    С.Сейфуллиннің, І.Жансұгіровтың, М.Әуезовтың
    С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтікін, С.Сейфуллиннің
    С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, М.Әуезовтың
     
  7. Оның жазушылық өнерін шыңдай түскен саласын атаңыз?
    Аудармашылық
    Жазушылық
    Ғылым
     
  8. Сәкен Сейфуллиннің қай романын орысшаға аударды?
    «Бақыт жолына»
    «Тар жол, тайғақ кешу»
    «Асау ттұлпар»
     
  9. Сәйділге кандидаттық дәреже алып берген еңбегін атаңыз?
    «Қазақ әдебиетінің дүниежүзі әдебиетімен байланысы»
    «Көркем аударма туралы»
    «Қазақ әдебиеті мен тілінің даму тарихы»
     
  10. Сәйділ Талжанов неше жасында ғылым кандидаты атағын алды?
    50
    66
    60
     
  11. Сәйділдің толық есімін атаңыз?
    Сәйділғараб
    Сәйділхан
    Сәйділбек
     
  12. Ауыл шаруашылық институтында доцент болып жүргенде 1938 жылы Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасын, Бейімбеттің «Майдан» пьесасын қазақшадан орысшаға аударғаны үшін, әрі бай баласы деген желеумен НКВД «Халық жауы» деп ұстап әкетіп, неше жылға соттады?
    20
    10
    15
     
  13. Сәйділ Омарұлы қанша жыл айдауда болып, жазықсыз жапа шеккен жан?
    10
    15
    19
     

    


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика