Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы мамыр -2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

25.05 – 31.05. 2020 жыл.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Онлайн-өтінімдер бойынша оқырмандарға қызмет көрсету

күнделікті

«Байғұт Мархабат – жазушы, журналист»  «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, туғанына 75 жыл (1945) Виртуалды кітап көрмесі. Жараспай ауылдық кітапхана.

25.05.2020

«Қазақ әдебиетінің майталмандары»- виртуалды-онлайн кітап көрмесі. Мынбаев ауылдық кітапхана.

25.05.2020

Бейне шолу обзор «Кітабын оқы, киносын көр!» ЦРБ

25.05.2020

Белгілі журналист, әдебиетші, қазақ стенографиясының негізін қалаушы Данабике Байқадамовың (Каралдина) туғанына 100 жыл толуына арналған «Оның өмірі – дәуір стенограммасы»атты посты. Заречный ауылдық кітапханасы.

25.05.2020

«Пришла пора – звучат фанфары» виртуалды экскурсия. Егінді ауылдық кітапханасы.  

25.05.2020

«Қазақстанның мәдени мұрасы». Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

25.05.2020

Ұлы Жеңіске 75 жыл

«Соғыс менің тағдырымда» акциясын жалғастыру.

«Тыл ардагері» естелік лентасын әлеуметтік жүйеге қою. Кертінді ауылдық кітапхана.

26.05.2020

«Қымызмұрындық» мәлімет, Изенді ауылдық кітапхана.

26.05.2020

«Қош бол, менің мектебім!» видеобейне. ОБК

26.05.2020

«Ақылы асқан Әз – Тәуке» Қазақ хандығы 555 жыл. Көбетей ауылдық кітапхана.

26.05.2020

«Жаңа кітаптар шеруі».Онлайн-көрме (К.Мыңбаев ауылдық кітапханасы).

26.05.2020

«Память как осколок в сердце» қуғын-сүргін жылдарды еске алу күні. Тассуат ауылдық кітапханасы.

26.05.2020

«Кітап инсталляциясы» Жаңа кітаптар шеруі. Көбетей балалар кітапханасы.

26.05.2020

«Сенің досың мерзімді басылымдар» - видео-шолу. Байтуған ауылдық кітапханасы.

26.05.2020

31 мамыр Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні. Презентация. Жараспай ауылдық кітапхана.

27.05.2020

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» онлайн кітап көрмесі. ОБК

28.05.20

«Үш арыс» библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

28.05.20

«Қайғылы жылдар естелігі» видеоролик, 31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні. Көбетей ауылдық кітапхана.

28.05.20

«Алаш туы астында,Күн сөнбесін!». Онлайн әңгіме оқу.Егінді ауылдық кітапхана.

28.05.20

Буктрейлер «Қайғылы тағдырлар тарихы» ОАК

28.05.20

«Счастья вам, дети, на нашей планете!» балаларды қорғау күні мерекесінің шығу тарихы.

28.05.20

«Үйле оқимын!» - акция. Байтуған ауылдық кітапханасы

28.05.20

«Сказка-терапия!»пост,аудиосказки. Кобетейская ДО.

«Ертегі-терапия!"пост, аудио. Көбетей ауылдық кітапханасы

28.05.20

«Бұл күндер мәңгі есте қалады» - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған кітаптарға арналған бейне-шолу.Ахметауылдық кітапхана.

28.05.20

31 мамыр ашаршылық күніне,

«Тарихтан тағылым» онлайн викторина. Ақмешіт ауылдық кітапхана.

29.05.20

«Бас иіп тағзым етеміз,Алаштың арыстары!» Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Виртуалды кітап көрмесі. Кертінді ауылдық кітапхан.

29.05.20

«Тарихтағы ұмытылмас қасырет» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.Пост, Көбетей балалар кітапханасы.

29.05.20

Дүниежүзілік темекісіз күн. «Кальян: за и против»бейне слайд. Заречный ауылдық кітапханасы.

29.04.20

«Зұлмат заманның құрбандары» - видеоролик Мынбаев ауылдық кітапхана.

31.04.20

«Қасіреті жылдар» әдеби шолу. Изенді ауылдық кітапхана.

31.04.20

Слайд-реквием «Қасырет жолдар тарихы». Заречный ауылының қуғын-сүргінге ұшыраған тұрғындарына арналған библиографиялық жаднаманың тұсаукесері. Заречный ауылдық кітапханасы.

31.05.20

 


Авторландыру

Табиғаттың ғажайып сәттері

Қаралды (1466)

«Табиғаттың ғажайып сәттері»
фотобайқауының Ережесі
1. Жалпы ереже.
1.1 Бұл Ереже «Табиғаттың ғажайып сәттері» аудандық фотобайқауына қатысу және өткізу мақсаттарын, шарттарын, номинанттар мен жеңімпаздарды іріктеу тәртібін көрсетеді. (әрі қарай фотобайқау)
1.2. Фотобайқаудың мақсаттары:
• Нұра ауданының табиғат әлемінің бірегейлігін айту;
• фотосуреттердің көркемдігі арқылы Нұра ауданының қоршаған ортасын қорғауға халықтың назарын аудару.
• 1.3. Фотобайқаудың міндеттері:
• табиғатқа ұқыпты, асқан сезіммен қарауды қалыптастыру және тәрбиелеу; 
• белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
• Нұра ауданының халқының шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
• заманауи шығармашылықтың түрі ретінде фотосуретті насихаттау.
1.4. Фотобайқауды ұйымдастырушы: «Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ Нұра аудандық кітапханасы
1.5. Нұра ауданының кітапханасында Фотобайқаудың нәтижесі бойынша үздік жұмыстардың көрмесі жасалады. Байқау жұмыстары (электронды үлгілері) Нұра ОКЖ  w.w.w nuralib.kz сайтында болады.
2. Байқаудың қатысушылыары.
2.1. Осы Ереженің шарттарына келіскен кәсіби де, кәсіби емес те  кез келген суретке түсіруші фотобайқауға қатыса алады
2.2. 14 жастан бастап ауданымыздың қонағы немесе кез келген тұрғын фотобайқаудың қатысушысы бола алады.
3. Фотобайқауды өткізу шарттары мен мерзімі.
3.1. Фотобайқау мынадай номинацияда өтеді:
• «Фотокамераның объективі арқылы түскен Нұра ауданының табиғаты» - табиғатқа арналған фотосуреттер;
• «Тіршілік көзі» (фотосуреттегі судың бейнесі ) ;
• «Объективтегі жануар әлемі».
3.2. . Фотобайқауға  қатысу автордың оның есімін көрсету арқылы, одан әрі оның жұмыстарын пайдалануға келісімін бергенін білдіреді . 
3.3. Фотобайқау 2017 ж. 1 ақпанынан 2017 ж. 1 маусымына дейін 3 кезеңде өтеді. 
1 кезең  – 2017 ж. 1-28 ақпан аралығында фотобайқаудың басталуын жариялау. Қатысушылар байқауға жұмыстарын дайындайды, оларды аудандық кітапханаға, сайтқа жібереді.
2 кезең – 2017 ж. 1 наурызы - 25 маусымы арасында жұмыстар байқаудың ұйымдастыру комитетіне беріледі, байқау жұмыстары фотокөрмеге іріктеледі.
3 кезең – фотокөрмені ұйымдастыру және өткізу -  2017 ж. 25 мамыр  мен 1маусым аралығында.
4. Ұсынылған жұмыстарға қойылатын талаптар.
4.1. Фотобайқауға осы Ереженің талаптарына және номинацияларына сәйкес келмейтін жұмыстар қабылданбайды және қарастырылмайды.
4.2. Жұмыстар саны бір қатысушыдан шектелмеген.
4.3. Фотобайқауға ұсынылған жұмыстар автордың өзімен түсірілуі тиіс, сыртқы көздерден алынбауы керек.
4.5. Географиялық жағынан түсіру орны Нұра ауданынан шегінен шықпау керек. 
4.6. Жұмыстың форматы ipg  2480 х 3508 pх төмен емес.
4.7. Фотосуреттерде фотосурет жасалған орнын көрсететін  атау болуы тиіс.
4.8. Жұмыстар «Табиғаттың ғажайып сәттері» «фотобайқауына» деген белгімен электронды түрде ұсынылуы тиіс. 
жұмыс өтініммен қоса жүреді, мынаны көрсету керек (Т.А.Ж., жұмыстың атауы, номинациясы, жасы, тұратын жері, оқитын, жұмыс істейтін жері, байланыс телефоны);
• жұмыстар сапалы болуы тиіс.
5. Ұсынылған жұмыстарды бағалау өлшемі.
5.1. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар келесі белгілер бойынша бағаланады:
• жұмыс тақырыпқа сай келуі тиіс 
• сюжеттің сонылығы;
• ерекше ракурс;
• фотосуреттің шеберлігі арқылы тақырыпты ашу, композицияны жасау;
• жұмыстың көркемдік және техникалық сапасы;
• шығармашылық шешімнің күтпегендігі;
• жалпы қабылдануы.     


7.1 Марапаттау
Жеңімпаздарды анықтау фотобайқаудың ұйымдастыру комитетімен жүзеге асырылатын болады. 
7.2. Әр номинациядан 3 жеңімпаз таңдалады.
7.2. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
7.3. Жеңімпаздарды марапаттау фотокөрменің ашылуында өтеді.
8. Байланыс ақпараты:

Мекен-жайы: Қарағанды обл.
Нұра ауданы
Киевка к.
Абай к-сі,37
Орталық аудандық кітапхана

Вeb-сайт: http: // www.nuralib.kz
Электронды пошта: nura70@mail.ru
Байланыс телефоны: 8(72144)22210 , 8(72144) 22720
 


 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика